Добавить новость
Все города России от А до Я

Russian.Cityместные городские новости из регионов России 24/7 на русском +

2026 жылдың алғашқы жұмыс күнін облыс әкімі Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жұмыс сапарымен бастады.

Pkzsk.info
54

Жұмыс сапары аясында ең шалғай округтерінің бірі – Чистополь ауылдық округіне барып, тұрғындармен кездесіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Негізгі көтерілген мәселелер жолдардың сапасы, абаттандыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігіне және инфрақұрылымды дамытуға қатысты болды.

Соңғы екі жылда автомобиль жолдарын салу мен жөндеуді қамтитын ауданның даму бюджеті 20 млрд теңгеден 41 млрд теңгеге дейін өсті. Чистополь ауылдық округінің бюджеті де айтарлықтай ұлғайып, соңғы үш жылда 449 млн теңгеге жетті. Осы уақыт ішінде әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

— Өзекті мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы. Екі жылда «Петропавл – Жезқазған» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Новоишимское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі 120 шақырымнан астам бөлігіне, сондай-ақ Шал ақын ауданы бағытында 14 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы «Рузаевка — Ақмола облысы» республикалық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жоба үш жылға шақталған. Мемлекеттік сараптама 1 шілдеде аяқталады, одан кейін жобаның нақты құны бекітіледі. Мамандардың алдын ала деректері бойынша, жобаның болжамды құны 30 млрд теңге болмақ. Сонымен қатар Чистополь ауылында елді мекен ішіндегі жолдар мен жаяу жүргінші жолдарын жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде, шамамен 4 шақырым жолды асфальттау және 7 шақырымға жуық жолды қиыршық таспен төсеу жоспарланған, — деп атап өтті өңір басшысы.

Одан бөлек, Чистополь орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл спорт залды жөндеп, қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ арнайы автокөлік сатып алу жоспарланған. Қаңтар айында округ аумағында банкомат орнатылады. Бұл қаржылық қызметтердің жергілікті жерде қолжетімділігін арттырмақ.

Жұмыс сапары барысында Ғауез Нұрмұхамбетов Тахтаброд ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйіне барды. Ағымдағы жылы мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

— Ауылдағы өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Одан әрі дамуды қамтамасыз ету үшін жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлердің белсенді қатысуы аса маңызды. Осы бағытта аудан басшылығына тиісті тапсырмалар берілді. Бизнестің ауылдарды жаңғырту мен дамыту үдерісіне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет, — деді облыс әкімі.

Все новости Чистополя на сегодня




Moscow.media

Персональные новости

Другие новости Чистополя

Спорт в Татарстане

Весь спорт в России и в мире



Новости тенниса


Частные объявления в Чистополе и в Татарстане



Авто в Татарстане

Новости от партнёров в Чистополе


Коронавирус в Татарстане

Экология в Татарстане
Авто в Татарстане

Другие города России




Ria.City — новый бренд от федеральной интернет-платформы Russia24.pro (в содружестве с сайтом Smi24.net) – мгновенная публикация новостей в Чистополе и в любом городе, онлайн, бесплатно, 24/7 при участии RSS.plus.

Ria.City (Города России) — технологичный агрегатор региональных новостей России в адаптивном календарном формате на основе новейшей авторской информационно-поисковой системы SMI24.net с элементами искусственного интеллекта, гео-отбора, тематического таргетинга и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public.

Ria.City — ваши оперативные новости, частные объявления, работа, знакомства, аренда и другое инфо онлайн 24/7, посуточно в любом уголке России, в том числе в Чистополе сегодня и сейчас совместно с уже популярными проектами Moscow.Media, News-life.pro, SportsWeek.org, Life24.pro и др. Присоединяйтесь к нам онлайн в России, в Украине, в Беларуси, в Абхазии, в мире.

Опубликовать свою новость в Чистополе можно мгновенно — здесь.


Все города России от А до Я




















Другие новости сегодня




Светские новости (слухи, сплетни, сарафанное радио, шоу-бизнес, рейтинги)